«Құқықтық нормаларды сақтау – әр азаматтың міндеті»

26 қазан, 2023

26.10.2023 ж Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің №17 Студенттер үйінде Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы кәсіби даярлық факультеті бастығының орынбасары полиция полковнигі Төлмағамбетов Әділ Арқабайұлы және Әкімшілік-құқық кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Санапиянова Асель Нурсаиновнамен студенттер арасында «Құқықтық нормаларды сақтау – әр азаматтың міндеті» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңлелек үстел барысында полиция полковнигі Әділ Арқабайұлы мен Әсел Нұрсайынқызы студенттерге университетте, жатақханада, қоғамдық орындарда құқықтық нормаларды сақтау қаншалықты маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп, біліп-білмей жасалған тәртіп бұзушылықтың қай-қайсысы да жауапкершіліктен тыс қалмайтынын түсіндірді. Ата заң - Конституциямыздың Қазақстанның әр азаматының құқығының сақталуына кепіл болатынын шегеліп айтып берді. Сонымен қатар студенттердің құқықтық жауапкершілік пен өз құқығының сақталуы жөнінде білгісі келген түрлі сұрақтарына заң аясында жауап берді. Қорыта айтқанда, студенттер дөңгелек үстелде қазіргі таңда белең алған түрлі алаяқтық, зорлық-зомбылық, буллинг, кибербуллингтердің құрбаны болмаудың, оның алдын алудың жолдары туралы көкейде жүрген сауалдарына жауап ала алды.