ҚазҰУ-да Орталық Азия зерттеулері бойынша дәрістер өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Үндістан, Жапония, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген шетелдік профессорлардың Орталық Азия зерттеулері бойынша дәрістер өтті. Жария дәрістерді халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы және «Аймақтық қатынастарды зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе отырып ұйымдастырылды. Жария дәрістердің аясында Орталық Азия аймағындағы көші-қон, су ресурстары, діни экстремизм мәселелері сияқты өзекті үрдістер көтерілді.
Профессор Говинд Кумар Инакхия, Ресей және Орталық Азияны зерттеу орталығының, халықаралық зерттеулер мектебінің (Үндістан) доценті «Орталық Азия елдеріндегі кері көші-қонның әсері» атты дәріс оқыды.
Доктор Радж Кумар Шарма, аға ғылыми қызметкер, NatStrat (Үндістан) «Үндістанның Еуразиямен өзара әрекеттесуі: Орталық Азия өлшемі» тақырып бойынша дәріс оқыды.
Профессор Ұлықбек Хасанов, халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, Әлемдік экономика және дипломатия университеті (Uwed) (Ташкент, Өзбекстан) «Орталық Азиядағы су ресурстарын реттеу мәселелері» тақырыбында лекция оқыды.
Профессор Фаррух Салимов, Тәжікстан Республикасының дипломатия және сыртқы саясат кафедрасының меңгерушісі, Тәжік ұлттық университеті (Душанбе, Тәжікстан) «Орталық Азияда діни экстремизмнің алдын-алу тетіктері (Тәжікстан мысалында)» атты дәрісін ұсынды.
Рикке университетінің (Токио, Жапония) профессоры Кеничи Охаши «Орыс тілді туризм: Вьетнам мысалында» тақырыбымен сабақ оқыды.
Жария дәрістері жоғары кәсіби ғылыми-теориялық деңгейде өтті және тыңдаушылар үшін танымды болды. Әр дәрістің соңында докторанттар, магистранттар мен студенттер Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, пікір таластырып, көзқарастарымен бөлісті.
Сондай-ақ, жария дәрістермен қатар шетелдік профессорлар «Аймақтық қатынастарды зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары ұйымдастырған «Questioning Regional Affairs» YouTube арнасында Орталық Азия зерттеулері мәселелері бойынша сұхбат берді.
Жария дәрістердің жалғасы «Отандастар қорының» ақпараттық-талдау департаментінің басқарушы директоры Жалиев Нұрхан мырзаның (Қазақстан) «Шетелдегі отандастар және Қазақстанның диаспоралық саясаты» атты дәрісімен және экономика ғылымдарының докторы, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің (Бішкек, Қырғыз республикасы) Экономика жоғары мектебінің профессоры Салтанат Омарова ханымның «Еуразиядағы жаңа халықаралық жағдайдағы көші-қон үрдістерінің өзгеруі» тақырыбындағы дәрістерімен ұласады.
Гүлнара БАЙКҮШІКОВА,
Халықаралық қатынастар және әлемдік
экономика кафедрасының меңгерушісі