Қырғыз ғалымы ҚазҰУ-да дәріс оқыды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде ұйымдастырылған «Қауіпсіздік және тұрақты даму контекстіндегі Еуразиядағы көші-қон: ынтымақтастықтың негізгі үрдістері, сын-қатерлері және болашағы» конференциясы аясында шетелдік сарапшылардың бірнеше жария дәрістер өтті.
Бүгін Қырғыз Ұлттық университетінің (Бішкек) Экономика жоғары мектебінің профессоры Салтанат Омарова «Еуразиядағы жаңа халықаралық жағдайдағы көші-қон үрдістерінің өзгеруі» тақырыбында дәріс оқыды.
Қырғыз ғалымы көші-қон саласындағы заманауи үрдістер туралы айтып, еңбек көші-қонына әсер ететін факторларға тоқталып, кең көлемді сараптама жасады.
Салтанат Қайырқызы көші-қонды феминизациялау және әйелдерді мигрант ретінде кемсіту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ еңбек көші-қонын трансформациялау, айналмалы еңбек көші-қоны тұжырымдамасы мәселелеріне түсініктеме берді.
Өзекті тақырыпты қамтыған дәріс қызықты әрі мазмұнды өтті. Спикер студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың сұрақтарына жауап беріп, еркін пікір алмасты.
Дана БАЙТОҚАЕВА,
Халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісінің орынбасары