Вейпинг: электронды темекінің зияны

29 қазан, 2023

2023 жылғы қазан айының 27-і күні 1 курс «6В04103 Экономика» ББ студенттерімен «Вейпинг: электронды темекінің зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Тақырып аясында қоғамның дертіне айналған вейп темекінің зияны, одан арылу жолдары және қоғамнан алыстату үшін жасалып жатырған іс-шаралар сөз етілді.

Дені саудың - жаны сау демекші, ел болып қалыптасып, өркендеуіміз үшін жас ұрпақтың денсаулығы аса маңызды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуымыз керек екендігі айтылды.

ТДМ 3-тің басқа тұрақты даму мақсаттарымен кең байланысы бар, өйткені салауатты өмірді қамтамасыз ету және барлық жастағы барлық адамдардың әл-ауқатын арттыру дұрыс қалыптасқан, тиімді қоғам құру үшін маңызды. Денсаулық болмаса, кедейлік, аштық мәселелерін  шешу қиын немесе басқаша айтқанда, кедейлік (ТДМ 1) пен аштық (ТДМ 2) денсаулыққа (ТДМ 3) кедергі келтіреді. Сондықтан, салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар.

Ұйымдастырушылар: Даулиева Г.Р., Какижанова Т.И., Андабаева Г.К.