ТДМ 16 Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар

30 қазан, 2023

30.10.2023 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Ибрагимов А.Т. №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсаты аясында 2 курс магистранттарымен семинар өткізді. Бейбіт, әділ және ашық қоғам құру үшін адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажет. Әркімнің Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген еңбек етуге, сондай-ақ еңбегі үшін сыйақыға құқықтарын ескере отырып, қатысушылар медиация институтын және еңбек қатынастары фактілерін анықтау мүмкіндіктерін талқылады. Осылайша, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында еңбек қатынастарының бар екендігін құжаттау мүмкін болмаған жағдайда, мұндай дауды ұйымның татуластыру комиссиясына жүгінбей-ақ сот тәртібімен шешуге болады. Даулардың күрделілігіне қарамастан, егер еңбек қатынастарының белгілері болса, сондай-ақ қолдану шарттарын сақтау, бұл институт жұмыскердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар оның бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтіруге тиімді ықпал етеді.