МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ АРАСЫНДА МИНИ-ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

30 қазан, 2023

     Механика-математика факультетінде 12.10.2023ж. күні "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен мини-футбол жарысы өтті. Жарысқа капитандар тағайындалған 8 топ қатысты, атап кетсек: “Камбэк”, ”Ред-Булл”, “Альянс”, “Рамс”, “Қызылорда”, “Самал-3”, “Викинг” және “Миллер” қатысты. Жалпы Жүлде қоры 60 мың теңгені құрады. Нәтижесінде “Қызылорда” командасы 1-орын,“Альянс” командасы 2-орын,”Ред-Булл” құрамасы 3-орын иеленді. Сәйкесінше 13 мың, 9 мың және 6 мың теңге ақшалай жүлде берілді. Барлық командаларға  медальдар мен сертификаттар таратылды.