ТДМ-10: IV Азия Паралимпиадасында ҚазҰУ студенті жүлдегер болды

29 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4-курс студенті Нұрдәулет Жұмағали 200 метрге кешенді жүзуде алтын медаль жеңіп алды.

 

Ол сондай-ақ IV Азия Паралимпиадасында өткен жарыстарда 100 метрге брасспен жүзуден бірінші келіп, алтын медалді қанжығасына байлады.

Спортшылар арасындағы жарыстар Ханчжоу қаласында өтті. Нұрдәулет жапондық және өзбекстандық қарсыластарынан басым түсіп, 200 метр қашықтықты 2:16.74 уақытта еңсерді.          

Паралимпиадада жалпы есепте Нұрдәулет Жұмағали команданың қоржынына екі алтын медаль жеңіп алды.