“Алтын күз” мерекелік концерті өтті

1 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті “Көмек” қоғамдық қоры  “Мейірім” күтім үйінде “Алтын күз” мерекелік концертін өткізді. Мақсаты: қазыналы қарттарымыздың  көңіл-күйін көтеріп, бірге ойындар ойнап көңіл бөлу. “Қарттарға құрмет-зор міндет” демекші еріктілеріміз үшін бұл күн мейірімге толы күн болды. Қарттар үйінен ерекше әсер мен үлкендеріміздің батасын алып қайтты.