Қарттарым асыл қазынам

28 қазан, 2023

ТДМ. 1 Кедейлікті жою

2023 жылы 28 қазанда Архивтану мамандығының 1-курс студенттері «Еріктілер лигасы» мүшелерімен бірлесіп Қарттар күніне арналған "Қарттарым асыл қазынам" атты мерекелік қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Қазақ халқы қарт адамдарды ежелден байлық деп санайды және әрқашан үлкендерге құрметпен қарайды. Олардың өмір жолы бүгінгі ұрпаққа таптырмас қазына.  Іс-шараның негізгі мақсаты-қарт зейнеткерлерге көңіл бөлу арқылы жас ұрпақты адамгершілік, сыйластық, құрмет көрсету сияқты  қасиеттерге баулу.

Студенттер концерттік бағдарлама дайындады, оған қарт адамдардың өздері де қатысты. Іс-шараның барлық қатысушылары бір үлкен отбасымен караокеде ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнады. Қарттардың естеліктері мен оқиғаларын тыңдап қариялар мен жастар арасындағы тығыз қарым-қатынастың көрінісін нығайтты. Қарттарымызды қашанда құрметтеп, ардақтайық!