Қазақстан Республикасының Орталық Архивінде ашық есік күні

21 қыркүйек, 2023

ТДМ. 4 Сапалы білім

Қазақстан Республикасының Орталық Архивінде 1курс студенттеріне арналған ашық есік күні өтті.

ҚР Орталық архивінің директоры Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы студенеттерге бірінші кезекте архив мамандығының мән мағынасын түсіндіріп өтті. Студенттерге ҚР Орталық архивінің жұмысы жан-жақты баяндалып,  архив бөлімімен, жұмыс істеу барысымен толық таныстыру жұмысы жүргізілді.  Танымдық шарада жас жеткіншектерге архив тарихы, құжаттамалық деректер, қорлар туралы айтылып өтті.  Іс-шара соңында, архив қызметінің қыр-сырын толық ашуға мүмкіндік берген қысқа метражды фильм көрсетілді.

Архив – өткен, қазіргі және болашақ көкжиектерін байланыстыратын үлкен платформа. Бүгінгі Ашық есік күнінің басты мақсаты – өскелең ұрпақты ел тарихын, салт-дәстүрін зерттеуге тарту, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру, архивтік құжаттар мен архив саласының тарихи маңызын сезіндіре отырып сала мамандарының еңбегін насихаттау. Өткен іс-шара болашақ жас архивисттердің зейіні мен зердесін шыңдауға үлкен үлес қосты.