«Сыбайлас жемқорлыққа «ЖОҚ» дейміз!» тақырыбында «Брейн-ринг»

30 қазан, 2023

Тәрбие іс-шараларының кестесіне сәйкес 2023 жылдың 30 қазанында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті Мизанбеков С.К. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Сандық архивттану және құжаттану» мамандығының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа «ЖОҚ» дейміз!» тақырыбында «Брейн-ринг» өткізді.

Сыбайлас жемқорлықтың әр алуан түрлері мен оның өмірдің әртүрлі салаларында әрқилы формада көрініс табуы жайында жалпы түсінікті қалыптастыру мақсатында педагог Мизанбеков С.К. жағдаяттық тапсырмалар мен проблемалық тапсырмалар дайындап, көрнекі (презентация, бейнероликтер, студенттердің осы құбылыстың себептері мен зиянды салдарын түсінуіне себепші болатын) құралдар пайдаланды.

Тапсырмалардың мазмұны алға қойылған мақсаттарға сәйкес болды, сонымен қатар фронтальды, топтық және жеке жұмыстардың үйлесімін де байқауға болады. Шара барысында оқиғаны талдау, нақты жағдайда сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің нәтижесінде туындайтын қиындықтарды анықтау үшін пайдаланылатын ойын (жарыстың) элементтеріне студенттер қызығушылық танытқанын атап өткен жөн.

Оқытушы алдын ала дайындалған материалдарды пайдалана отырып (ауызша, миға шабуыл, «Кім жылдам?» сайысы), көрнекілік (сөз бұлттары, иллюстрациялар), практикалық әдістер («Мақал-мәтелдерге жетіспейтін сөзді кірістіру» сайысы», мысалы, 1) ... басынан шіриді . 2) Қол қол…. 3) Бір заң ... үшін, екіншісі ... үшін. 4) Заң...: қай жаққа бұрылдың, сол жаққа шықтың т.б.), шара барысында импровизацияға да ерік берді.