2023 жылы 31 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №17 студенттер үйінде сағат 18:00-де «Құрлық экожүйелерін сақтау» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерді қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруімен күресу үшін жасалуы мүмкін әрекеттер туралы білім беру және ақпараттандыру болды. Шараға «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенттері мен жатақхананың басқа да студенттері қатысты. Олар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді және өзара пікір алмасты. Су мен энергияны тұтынуды азайту, қалдықтарды жою және ресурстарды тұрақты пайдалануды ынталандыру сияқты нақты қадамдар ұсынылды. Көптеген студенттер болашақта қоршаған ортаны қорғауға байланысты жобаларға қатысуға ниет білдірді.
Басқа жаңалықтар
31 желтоқсан, 2024