ТДМ 12. Жауапты тұтыну және өндіріс

24 қазан, 2023

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Дайрабекова Г.К. 2023 жылдың 24 қазанында №17 жатақханада туратын  шетел филологиясы мамандығының 2 курс студенттері арасында танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында студенттерге «ТДМ 12 Жауапты тұтыну және өндіріс» атты тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары жасалды. Атап айтқанда студенттер тұратын жатақханада электр энергиясын үнемді пайдалану жолдарын түсіндірілді.  

Қазір таңда адамзат өмірін электр қуатынсыз елестету мүмкін емес.  Біз энергияның негізгі бөлігін табиғи ресурстардан аламыз. Көмір, мұнай және газ қалпына келмейтін пайдалы қазбаларға жатады. Біз олардың бір күні сарқылатынын есте ұстауымыз керек. Тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін сақтаңыз. Пайдаланбаған кезде құрылғылар мен зарядтағыштарды токтан ажыратып жүріңіз. Әсіресе энергияны көп тұтынатындар: электр плитасы, ас үй құралдары. Өйткені токқа қосылған кез келген құрылғы істеп тұрмаса да электр қуатын тұтынады. Жаңа құрылғыларды сатып алғанда, қуат үнемдеу жапсырмаларына назар аударыңыз. Аптасына 1 күніңізді гаджетсіз, теледидар, ноутбук, смартфонсыз өткізіңіз.  Жаяу серуендеңіз, кітап оқыңыз, отбасыңызбен және достарыңызбен сөйлесіңіз, спортпен айналысыңыз. 

Кез келген мемлекеттің энергиясы оның экономикасының ілгерілеуінің шешуші факторы болып табылады, сонымен қатар белгілі бір жағдайларда азаматтардың әл-ауқатының деңгейі немесе оның дамуына серпін береді.

 

Ұйымдастырушы: Дайрабекова Г.К.