Экономика ғылымдарының докторы, профессор Мухамедиев Булат Минтаевичке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

4 қараша, 2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. К.Тоқаевтің жарлығымен Республика күні қарсаңында 2023 жылы 25 қазанда, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мухамедиев Булат Минтаевичке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

1977 жылдан бастап Қазақ Ұлттық университетіндегі жұмысы барысында Мұхамедиев Б.М. экономикалық мамандықтар бойынша түлектерді дайындауға зор үлес қосты. 1995 жылы құрылған макро-микроэкономика және математикалық әдістеме кафедрасын басқарды, ол сол кездегі микроэкономика, макроэкономика, эконометрика сияқты жаңа пәндерді ҚазҰУ-де ғана емес, бекітілген типтік бағдарламалар арқылы елдің басқа университеттеріндегі оқытуға да айтарлықтай әсер етті.

Мұхамедиев Б.М. 10 жылдан астам экономикалық мамандықтар бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 2 диссертация, 11 кандидаттық және 9 экономика ғылымдарының докторы диссертациясы қорғалды. ТДМ 4 "Сапалы білім" мақсатын орындауда көп үлес қосты.

Мұхамедиев Б.М. белсенді ғылыми жұмыс жүргізеді және экономикалық үдерістерді зерттеу саласындағы белгілі ғалым болып табылады. Ол 200-ден астам мақалалар мен кітаптарды, соның ішінде Scopus және Web of Science деректер базасында Q1–Q2 квартилдерінде индекстелген шетелдік журналдардағы мақалаларды жариялады. Оның ғылыми жетекшілігімен және қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы арқылы орындалған ғылыми жобалар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Жаңа Жібек жолындағы экономикалық даму халықаралық жобасы, TEMPUS-IV Еуропалық Комиссия жобасы және т.б. аяқталды.