Күй құдіреті

5 қараша, 2023

2023 жылы 3 қарашада №16 жатақананың мәжіліс залында Экономика кафедрасының 1 курс 6В04103-Экономика студенттерінің қатысуымен ұлы күйші, сазгер Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған «Күй құдіреті» дөңгелек үстелін өткізді.

Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері. Қазақ ұлтының басқалардан өзгешелігін паш етіп, небір халықаралық ұлы думандарда домбыра үнімен аспан астын дүбірге толтыратын күй құдіретінің орны бөлек, оның ішінде Құрманғазының алатын орны ерекше. 

Дөңгелек үстел барысында студенттер Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйін орындады. Адай күйін тыңдасаң жауға шапқан ержүрек батырлардың айқайы мен аттардың шапқан дүбірін елестетесің. Болашақ қоғамды тұрақты дамытудың ТМД 4-ші мақсаты “Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды” қамтамасыз ету және мәдени мұраны сақтау арқылы ТМД 11-ші мақсатын «Тұрақты қалалар және елді мекендер» орындалады. Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың мәдени байлығы, рухани азығы болып табылады.

Ұйымдастырушылар: Даулиева Г.Р., Какижанова Т.И., Андабаева Г.К., Ережепова А.А.