Менің арманымдағы Қазақстан болашағы

6 қараша, 2023

2023 жылдың 18-28 қазан аралығында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы Республика күніне арналған 8-11 сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы Қазақстан болашағы» атты республикалық эссе байқауын өткізді. Байқау қатарынан үшінші жыл өткізіліп жатыр.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау; жастардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; ғылыми зерттеулерге қызығушылықты дамыту; академиялық және достық қарым-қатынастарды нығайту.

Қазақстанның 5 өңірінен (Ақтөбе облысы, Абай облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы) барлығы 13 жұмыс келіп түсті. Жұмыстар үш тілде қабылданды, жұмыстардың 54% қазақ тілінде, 31% ағылшын тілінде, 15% орыс тілінде жазылған.

Экономика кафедрасының оқытушылары арасынан конкурстық комиссия құрылып, ол келесі критерийлер бойынша үздік жұмыстарды таңдады: ерекшелігі, өзіндік пікірі, логикалық сөйлем құра білуі, сауаттылығы.

ҚазҰУ атынан жеңімпаздар келесідей сыйлықтармен марапатталды. 1 орын үшін ҚазҰУ логотипімен термос және дипломмен, 2 орын үшін ҚазҰУ логотипімен футболка және дипломмен, 3 орын үшін ҚазҰУ логотипімен кепка және дипломмен марапатталды. Комиссия мүшелері бір 1-орын, екі 2-орын және үш 3-орын жеңімпаздарын анықтады.

3 қараша күні байқау жеңімпаздары онлайн түрде марапатталды. Жеңімпаздарды Экономика кафедрасының меңгерушісі Даулиева Галия Рахметовна атаулы дипломдармен марапаттады.

Эссе байқауының нәтижелері:

І орын – Третьякова Нэлли Нурболатовна, Семей қаласының Чернышевский атындағы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы. Эссе орыс тілінде ұсынылған.

ІІ орын – Галлемова Жаннель Муратовна, Ақтөбе қаласының №19 орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Эссе қазақ тілінде ұсынылған.

ІІ орын – Чуряк Полина Сергеевна, Петропавл қаласының №7 орта мектебінің 10 сынып оқушысы. Эссе орыс тілінде ұсынылған.

ІІІ орын – Ауесханова Наргиз Нурбековна, Ақтөбе қаласының №19 орта мектебінің 10 сынып оқушысы. Эссе ағылшын тілінде ұсынылған.

ІІІ орын – Исламбек Ақерке Оралқызы, Қостанай қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы. Эссе қазақ тілінде ұсынылған.

ІІІ орын – Қосқұлақова Нұрайым, Ақтөбе қаласының №19 орта мектебінің 8 сынып оқушысы. Эссе қазақ тілінде ұсынылған.

Сонымен қатар, байқаудың барлық қатысушылары қатысқандары үшін сертификаттар алды.