Әлемдегі үздік «SMART қалалар»

6 қараша, 2023

2023 жылы 4 қарашада №16 жатақананың мәжіліс залында Экономика кафедрасының 1 курс 6В04103-Экономика студенттерімен «Әлемдегі үздік «SMART қалалар» атты дөңгелек үстелі өткізілді.

Болашақ қоғамды тұрақты дамытудың ТМД 11-ші мақсаты «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» негізінді ақылды қала тұжырымдамасы кеңінен таралған. Бұл тұжырымдама бойынша әлемнің 2500 қаласы дамудың жаңа жолына түсті. Әлемдік тәжірибеде ақылды қалаларды құрудың екі негізгі тәсілі бар: ақылды қаланы жаңадан құру және қалыптасқан қалалық жүйеге ақылды технологияларды кезең-кезеңімен енгізуді қамтиды. Ақылды қаланың басты критерийлерінің бірі – тұрғындар мен билік арасындағы байланысты арттыру.

Ақылды қала – бұл жайлы, қауіпсіз және өмір сүруге ыңғайлы, барлық үдерістер бақыланады, оңтайландырылады, нәтижесінде адам және жалпы қоғам ең жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

Ұйымдастырушылар: Нурманова Б.З., Ережепова А.А., Андабаева Г.К.