ҚазҰУ студенттері POSCO стипендиясын алды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да POSCO халықаралық бағдарламасы стипендиясының жеңімпаз студенттері арнайы сертификаттармен марапатталды.
Салтанатты рәсімге ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жәмила Айтжанова және Қазақстандағы POSCO бағдарламасының бас директоры Бен Вук Пак қатысты.
POSCO бағдарламасының 800 доллар көлеміндегі стипендиясына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 10 студенті: халықаралық қатынастар – Әмина Нұрғалимова, Әдия Сақтағанова, филология – Зүлфия Исағалиева, Мәдина Малекова, Балауса Ағабек, биология және биотехнологиялар – Алена Толстикова, заң – Жанерке Қанбатырова, Экономика және бизнес жоғары мектебі – Аружан Оспанова, Шұғыла Жоламанқызы және Валерия Лис ие болды.
Стипендия иегерлерін құттықтай отырып, Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жәмила Айтжанова аталған халықаралық бағдарламаның маңыздылығын атап өтті. «2023 жылдың қыркүйегінде 43 студент POSCO бағдарламасына қатысуға өтініш берді, оның ішінде 15 үміткер Қазақстандағы POSCO бағдарламасының бас директоры Бен Вук Пакпен сұхбат алу үшін таңдалды. Нәтижесінде үйлестірушілер POSCO Asia Fellowship қорының бағдарламасы аясында 800 доллар көлемінде біржолғы стипендия алған 10 студентті таңдады. Бұл байқаудың жоғары деңгейінің және студенттеріміздің сапалы дайындығының дәлелі», – деп атап өтті проректор.
Қазақстандағы POSCO бағдарламасының бас директоры Бен Вук Пак сертификаттарды тапсырып тұрып: «Үшінші рет біз сіздің студенттеріңізге POSCO стипендиясын тапсырып отырмыз, мен бұған өте қуаныштымын. Мен осы бағдарлама бойынша стипендия санын көбейтуге тырысамын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ынтымақтасу мүмкіндігін бағалаймын», – деді.
Естеріңізге сала кетейік, университет студенттеріне шәкіртақы беру туралы ҚазҰУ мен POSCO қоры арасындағы келісімге 2007 жылы қол қойылған болатын. Қор POSCO Asia Fellowship бағдарламасы бойынша Азиядан келіп, Кореяда оқитын студенттерге шәкіртақы түрінде көмек көрсетеді, сондай-ақ Азияны зерттеу үшін білім гранттарын, сондай-ақ қаржылық көмек ретінде ақылы негізде оқитын Азия университеттерінің студенттеріне стипендиялар бөледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі