ЫҚЫЛАС АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР МУЗЕЙІ – МӘДЕНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ

4 қараша, 2023

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Өлкетану»  клубының ұйымдастыруымен  шетелден келген тыңдаушылар Ықылас Дүкенұлы атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайына мәдени серуен жасалып, сирек кездесетін қазақ халқының музыкалық аспап түрлері – желбуаз, адырна, шертер, кеңінен тараған – домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, сонымен қатар, түркі халықтарының – уд, тар, дутар, гиджак, сатар, әлем халықтарының – саранги, пандури, мандолина, эрху, бандура т.б. аспаптарымен танысып, тамашалады. 
Қазақ халқының ұлттық мұрасы болып табылатын Музей қорында ұлттық музыкалық аспаптар мен қатар түрік халықтары, сондай-ақ әлемнің 34 елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1000-нан астам экспонат бар. 7 экспозициялық зал жұмыс жасайды. Олар: Халық музыкасының бастауы залы, үрмелі, соқпалы-шулы аспаптар залы, шеберлер залы, мемориалдық қобыз залы, домбыра және қобыз залы, түркі халықтарының музыкалық мұрасы залы, әлем халықтарының аспаптары залы. Музейде экспонаттарды сақтау, насихаттау және музыкалық мұраны дәріптеу, сондай-ақ музей коллекцияларын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми бөлім мен қор сақтау бөлімдері, көрме залы, мәжіліс залы жұмыс жасайды.