Тұрақты даму мақсаты 3 "Мықты денсаулық және әл-ауқат"
2023 жылдың 06 қарашасында "Мықты денсаулық және әл-ауқат" 3-ші Тұрақты даму мақсаты аясында заң ғылымдарының кандидаты, кеден ісі, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті Г.С.Қалиева университет қызметкерлерімен бірге медициналық орталығында заң факультетінің 2 курс студенттерімен ғылыми семинар өтті.
Тұрақты дамудың 3-мақсаты, Жақсы денсаулық және әл-ауқат аясындағы зерттеу іс-шарасының мақсаты денсаулық пен әл-ауқатты жақсарту бойынша іс-әрекетке қатысты мәселелерді зерттеу болды. Медицина қызметкерлері денсаулықты сақтауға, сондай-ақ дене жағдайын жақсартуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізу қажеттігін атап өтіп, студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ғылыми семинар барысында қазіргі әлемде медицина саласында ауруларды диагностикалау мен анықтаудың заманауи әдістері қолданылып жатқанына назар аударылды. Баяндамашылар жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, оның ішінде зиянды әдеттерден бас тартуы, дұрыс тамақтануы және түрлі спортпен шұғылдануы керектігіне тоқталды.
Студенттер ғылыми семинарға белсене қатысты, соның ішінде салауатты өмір салтын ұстану керектігімен толық келісетіндіктерін білдірді. Көптеген студенттер спорттың әртүрлі түрлерімен белсенді айналысып, еліміздің көрікті жерлерін аралап, бойларына күш-қуат, рухқа толы екенін атап өтті.