Седльце Университеттінде ғылыми тағылымдамаFarabi University

Седльце Университеттінде ғылыми тағылымдама

25 қазан, 2023

Тұрақты даму бастамасын жүзеге асыру оның ішінде 4-мақсат, 8-мақсат, 10-мақсат, 16- мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Роза Ережепқызы 25 қазаннан - 28 қазанға дейін Польшаның Седльце қаласындағы Седльце Университеттінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты - ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындау, ғылыми семинарға қатысу, сондай – ақ 2023 жылғы 26-27 қазанда гибридті түрде өткен «Орталық және Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің саясатындағы босқындар саясат – құқық - қауіпсіздік - экономика» тақырыбында II Халықаралық ғылыми конференцияда баяндама жасау болып табылады. Конференция Google Meet платформасының көмегімен гибридті түрде өтті. Аталған іс - шараға онлайн режимде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор, з.ғ.д., профессор Еркинбаева Лаззат Қалымбеққызы және Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., Қуаналиева Гүлдана Амангелдіқызы қатысты.

Конференцияның ашылуына Седльце Университенің ректоры, профессор, ғылым докторы Мирослав Минкина, СУ қоғамдық ғылымдар факультетінің деканы, профессор, ғылым докторы Малина Кашуба, СУ саясаттану және әкімшілендіру институтының директоры, профессор, ғылым докторы Аркадиуш Индращик кіріспе және құттықтау сөз сөйледі. Конференцияның Ұйымдастыру комитетінің жетекшісі п.ғ.к. Ежи Шукальский болды. Конференция барысында қатысушылар арасында Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің саясатындағы, әсіресе соңғы үш онжылдықтағы оқиғаларға байланысты босқындар мәселелер талқыланды. Конференцияның пәнаралық сипаты қатысушыларға белгіленген мәселелерге көп қырлы көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.