Ақындармен кездесу өтті

6 қараша, 2023

Бүгін ҚазҰУ-дің Журналистика факультетінде қызылордалық бір топ ақынмен кездесу өтті. Кешті журфактың деканы, ақын Темірғали Көпбаев ашты. "Сыр елі-жыр елінен" келген ақындар Қаршыға Есімсейітова, Асылзат Арыстанбек,  Толқын Қабылша, Мақсат Дауылбай, Мөлдір Айтбай, Ақжол Түменбай, Аружан Оралбай тебіреніп өлең оқыды. Әннен де шашу шашылды. Әсерлі жүздесу болды. Куратор-эдвайзерлер ұйымдастырған рухани шара барлық студенттерге шабыт сыйлады.