«Әйелдер мен ерлердің қоғамдағы рөлі, маңыздылығы Қазақстандағы гендерлік теңдік, гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел

7 қараша, 2023

 6 қараша 2023 жылы сағат 11:00-де БҰҰ-ның бесінші ТДМ «гендерлік теңдік» бағдарламасын жүзеге асыру және оған қол жеткізу үшін студенттер арасында «Әйелдер мен ерлердің қоғамдағы рөлі, маңыздылығы Қазақстандағы гендерлік теңдік, гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - ҚР гендерлік теңдік мәселесінің қаншалықты деңгейде маңызды рөл атқаратындығын және жастардың оған қаншалықты белсене атсалысып жатқан деңгейін айқындау, шығарылып жатқан заңнамалардың шет елдегі заңнамалармен тең деңгейде жұмыс жасайтындығын айқындау.


Дөңгелек үстелде гендерлік теңдік мәселелері үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) талқыланды. Спикерлер өз ұстанымдарын айтты, сонымен қатар әртүрлі TED TALKS спикерлерінің көзқарастарын қарастырып, кемсітушіліктен туындайтын түрлі мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Дөңгелек үстелдің модераторы, «Әділет» клубының жетекшісі профессор Атаханова Г.М. және модератор Бисенова М.Қ. ұйымдастыруымен,402,405 және 408 топ студенттері қатысты. Баяндамашылар: Меллат Қаламқас «The role of men and women in modern society, gender equality», Мырзатай Аяулым «Гендерное равенство в Казахстане», Қуатханова Аружан «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік», Нысанбаев Тоқтар, Нурадинбеков Байбарс «Гендерлік теңдіктің қоғам үшін маңызы» тақырыбында өз ойларын ортаға салды.