- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Cities of Central Asia: New hotspots of air pollution in the world" атты мақала жарияланды
"Cities of Central Asia: New hotspots of air pollution in the world" атты мақала жарияланды
Н.Х.Байматова бастаған авторлар ұжымының "Cities of Central Asia: New hotspots of air pollution in the world" мақаласы Atmospheric Environment журналында жарияланды. Мақала Орталық Азияның алты ірі қаласында: Алматы және Астана (Қазақстан), Ашхабад (Түркіменстан), Бішкек (Қырғызстан), Душанбе (Тәжікстан) және Ташкент (Өзбекстан) қалаларында PM2.5 бөлшектерінің уақытша ауытқуларын және метеорологиялық параметрлердің PM2.5 концентрацияларына әсерін зерттеуге арналған. Atmospheric Environment журналы атмосфералық ауаны зерттеу саласындағы жетекші басылымдардың бірі болып табылады (CiteScore пайыздық көрсеткіші - 93), осы саладағы журналдардың үздік 10% қатарына кіреді. Жұмыс AP09260359 «Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануын кешенді бағалау: көздерін анықтау, кеңістіктік және уақыттық талдау» жобасы аясында жүргізілді және 13 «Климаттың өзгеруі бойынша шаралар» (13.1.3 «Климаттың өзгеруі бойынша шаралар: жарияланымдар») мақсатына қол жеткізуге елеулі үлес қосады.