Қытай асханасы: Қытай мәдениетінің танымдық бір бөлігі

8 қараша, 2023

Кез-келген елдің тілін үйрену үшін сол елдің мәдениетімен жақын танысу керек. Қытай асханасы - қытай мәдениетінің ажырамас бір бөлігі. Аспан асты еліндегі кең тараған тағам түрі - 火锅 (huoguo)。Қытайтану кафедрасының оқытушысы, Бекбауова Ж.М  2- курс студенттерімен бірге  火锅 (huoguo) -ға барып, қытай мәдениетімен қатар, тағамның шығу тарихынан да мәліметтер берді. Қытай асханасынан алғаш рет дәм татқан студенттерге бұл мәдени іс-шара ұнап, қытай мәдениетімен етене араласқандай ерекше атмосфера сезінді.