ҚазҰУ студенті Түркі универсиадасында алтын алды

9 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің 3-курс студенті Әкежан Айтбеков ІІ Түркі универсиадасында еркін күрестен алтын медаль иегері атанды.

Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасындағы ІІ Түркі универсиадасына Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Мажарстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 500-ге жуық жас спортшы қатысуда.

Дүбірлі додада ҚазҰУ-дың  спортшы жастары еркін күрес, шахмат, волейбол, дзюдо, үстел теннисінен сынға түсуде. Сайыстар OLIMPIC CENTER спорт кешені мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтіп жатыр.

Түркі универсиадасы 10 қарашаға дейін жалғасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі