ҚазҰУ студенттері шахматтан 2-орынды иеленді
Түркістан қаласында өтіп жатқан ІІ Түркі универсиадасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінен құралған шахматтан Қазақстан студенттер құрамасы жүлделі 2-орынды иеленді.
Команда құрамында медицина және денсаулық сақтау факультетінің 3-курс студенті Шаукен Аружан, биология және биотехнология факультетінің 2-курс студенті Артемьева Диана және механика-математика факультетінен Шудабай Алмас бар. Жеке есепте Шаукен Аружан мен Аманжол Сұлтан 2-орынға жайғасты.
Алдағы уақытта ҚазҰУ студенттерінен құралған спортшылар волейбол, дзюдо, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен сынға түседі.
Бауырлас елдер арасында өтіп жатқан универсиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркия елдерінен 500-ден аса жас спортшы қатысуда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі