ҚазҰУ студенті дзюдодан күміс жүлде алды

9 қараша, 2023

Түркістан қаласында өтіп жатқан ІІ Түркі универсиадасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Серікболсын Шынтас дзюдодан жүлделі 2 орынды жеңіп алды.

Бұған дейін ҚазҰУ спортшыларынан құралған Қазақстан құрама командасы ел қоржынына еркін күрес пен волейболдан 2 алтын медаль, шахматтан 1 күміс жүлде салған болатын.

Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасындағы ІІ Түркі универсиадасына Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 500-ге жуық жас спортшы қатысуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі