Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм

7 қараша, 2023

7 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің  Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары Р.Әбдіқұлова, Л.Мекебаева және Ш.Шортанбайдың ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм» атты сұхбат-дәріс өткізілді.

 

Дәрісті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, PhD, әдебиеттанушы – Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы жүргізді. Ғалым бүгінгі таңда қазақ әдебиетінде өзекті саналатын мәселелердің бірі – постмодернизм бағыты жайлы сөз қозғап, жақында ғана жарық көрген ғылыми еңбегінің («Қазіргі прозадағы постмодернизм») негізінде ой өрбітті. Постмодернизм бағытының басты ерекшеліктері нақты мысалдар келтіру арқылы айқындалып, оның басқа бағыттардан айырмашылығы сараланды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар дәрістің қызықты өтуіне ықпал етті. 

Қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенттеріне арнайы оқытылатын «Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм» пәнін игеруде құнды еңбек жазған автормен бетпе-бет жүздесу – болашақ филолог мамандар үшін де таптырмас мүмкіндік болғаны сөзсіз.