Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудағы басқарушылық есеп жүйесінің рөлі туралы _ Ғылыми семинар

9 қараша, 2023

2023 жылдың 30 қазанында «Қаржы және есеп» кафедрасында «Басқару есебін дамыту жүйесі» пәні бойынша э.ғ.к., қауымдастырылған профессор  Ф.К. Ердавлетованың ұйымдастыруымен 8D04108 – Есеп және аудит білім беру бағдарламасы докторанттарына арналған,БҰҰ-ның 2015 жылғы «Тұрақты даму бойынша күн тәртібі» бағдарламалық құжаты контекстінде тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудағы басқарушылық есеп жүйесінің рөлі туралы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Семинар барысында экономикалық өсу мүмкіндігін жоймай, болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандыра отырып, экономикалық өсуге және қазіргі ұрпақ сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін басқарушылық есептің әртүрлі ақпараттық-талдамалық көрсеткіштері талқыланды.Бұл тұжырымдама теңгерімді жауапты тұтыну және өндіру идеясына негізделген (ТДМ 12). Ғылыми семинардың нәтижесі тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге басқарушылық есеп жүйесінің үлесінің мүмкіндіктері мен перспективалары туралы ғылыми-практикалық қорытындылар болды.

Семинарға қатысушылар:

«Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор  – Нұрмағамбетова А.З.

э.ғ.к., доцент – Керімбек Г.Е.

Аға оқытушы  – Сихимбаева Б.Н.

Докторанттар – Арыстамбаева А.З., Акимбаева Қ.Т., Құрбанова Қ.А., Смағұлова Ж.С., Ақбалық М. және т.б.