ТДМ 12 мақсатты іске асыру «Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету»

8 қараша, 2023

2023 жылғы 8 қараша сағат 11:00-де, 329 аудиторияда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының  з.ғ.к., доцент Қалымбек Бақытжан "Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету" тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәріске спикерлер: энергетика бойынша өндірістік-техникалық қызмет басшысы Темирбеков Ж.С., қосалқы станция қызметінің бастығы Матайбаев Д.Д. қатысты. Дәріс барысында Қалымбек Бақытжан университеттің білім алушыларына дүние жүзіндегі тұтыну мен өндіріс – жаһандық экономиканың қозғаушы күші екенін, бұл процестердің біздің планетамыздың табиғи ортасы мен ресурстарына тигізетін кері әсеріне ерекше мән берумен және мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін түсіндірді. Тақырыптың ерекшелігін оқытушы практикалық мысалдармен ашты. «Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету» барысында барлық міндеттерін ашып көрсетті. Сондай-ақ, дәріс  тыңдаушылардың шынайы қызығушылығын тудырды және оның қорытынды бөлімінде сұрақ-жауап түрінде, студенттер арасында қызу талқыланды.Алдағы уақытта кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы жер және экологиялық құқық саласындағы өндірістік тәжірибелі мамандар ашық дәрістер өткізуге шақыруды жоспарлап отыр.