ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ

1 қараша, 2023

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, PISA халықаралық бағдарламасының жаттықтырушысы, ЮНЕСКО сарапшысы ф.ғ.к. Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы Жезқазған қаласында «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» кеңесі шеңберінде "Оқу сауаттылығы" атты семинар-тренингін өткізді. Семинар-тренингтің негізгі тақырыбы ТДМ (тұрақты даму мүддесі үшін білім беру), яғни білім алушыларда трансверсальді (пәнаралық құзыреттіліктерді) қалыптастыру болып табылады. Ақбота Қоңырова атап өткендей, оқырман құзыреттілігі пәнаралық құзыреттіліктің негізі болып табылады. Семинар-тренинг соңында спикер білім алушылардың бойында негізгі орта білім берудің қалыптастыру және дамыту міндеттерін белгіледі (ҚР МЖМБС сәйкес):

1) рухани-адамгершілік қасиеттер;

2) ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйелері;

3) дербес оқыту және жеке өзін-өзі дамыту дағдылары;

4) оқу, жобалау, зерттеу қызметін жүзеге асыру дағдылары;

5) сыни және шығармашылық ойлау дағдылары;

6) өзін-өзі жүзеге асыру және қоғамдағы өзара іс-қимыл дағдылары.