ТДМ - 4. "Тұрақты даму мүддесіндегі білім"

2 қараша, 2023

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, PISA халықаралық бағдарламасының жаттықтырушысы, ЮНЕСКО сарапшысы ф.ғ.к. Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы Алматы облысының білім басқармасының шақыруымен Қонаев қаласында оқытушылар, студенттер мен оқушылар үшін "Тұрақты даму мүддесіндегі білім" атты семинар-тренингін өткізді.

Семинар-тренингте спикер тез өзгеретін қазіргі әлемдегі пәнаралық(трансверсальды) дағдылардың маңыздылығы туралы айтып берді.

Дағдылар:

1) сұрақ қоя білу;

2) мақсаттар мен міндеттерді дұрыс айқындау;

3) түсіну қабілеті;

4) әлеуметтік байланыстар мен лайықты мінез-құлықты сақтай отырып, агрессия мен зорлық-зомбылықсыз өз мүдделерін, идеяларын және жеке шекараларын қорғау қабілеті пәнаралық дағдылар болып табылады.

2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы әзірлеген ТДМ бағыттарында пәнаралық дағдылары толықтай сипатталған.