ТДМ 4. "Нашақорлық – денсаулық жауы" тақырыбында ашық кураторлық сағат

8 қараша, 2023

8 қараша күні сағат 12.00-де жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының екінші курс студенттері (223 тобы) "Нашақорлық – денсаулық жауы" тақырыбында ашық кураторлық сағат ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты-студенттерге есірткіге тәуелділіктің зияндылығын және оның салдарын түсінуге көмектесу, нашақорлық туралы денсаулықты бұзатын фактор ретінде түсінік беру, есірткіден тұрақты бас тартуды қалыптастыру, қолдану мен тарату үшін қылмыстық жауапкершілікпен таныстыру.

Іс-шараға кафедра оқытушылары А.М. Мақсұтханова, Ш. С. Оспанова, М. С. Тәженова және жетекші маман К. С. Қалибаева қатысты. Жауапты куратор-эдвайзерлер: М. С. Тәженова, А. М. Мақсұтханова, Ш. С. Оспанова. Іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтар студенттерге факультеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқандары үшін ерекше алғыс білдірді.