Жасыл экономика-болашақтың басты тренді

11 қараша, 2023

2023 жылы 10 қарашада №16 жатақананың мәжіліс залында Экономика кафедрасының 1 курс 6В04103-Экономика студенттерімен «Жасыл экономика-болашақтың басты тренді» атты кураторлық сағат өткізілді. Жасыл экономика  - Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін табиғи шикізат қорларын тиімді және рационалды қолдану арқылы тұрғындардың әл-ауқатының артуына жеткізетін табысты экономика. Болашақ қоғамды тұрақты дамыту ТДМ 13-ші мақсаты-«Климаттың өзгеруімен күрес», 14-ші мақсаты-«Теңіз экожүйелерін сақтау», 15-ші мақсаты-«Құрық экожүйелерін сақтау» бойынша, табиғатты, шикізат қорларына шаралар қолдану маңызды. Кураторлық сағатта  «жасыл» экономика бағдарламасы бойынша Дүниежүзіне көрсеткен жетістіктеріміз айқындалды, мұнай және газ өндіру салаларындағы экологиялық тиімді қызметтер көрсетілді. «Жасыл» экономикаға көшу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы секілді қауіп-қатерлердің ықтималдығын төмендетеді. Дұрыс жолға қойылған жүйелі әрекет, мүдделі тараптардың үйлесімді ісі, мемлекет, бизнес пен қоғамның бірлесе атқарған жұмысы бар кезде біз Қазақстанның бұл бағытта да әлемдік аренада жоғары жетістікке жететініне сенеміз.

Ұйымдастырушылар: Какижанова Т.И., Андабаева Г.К.