ТДМ 15. Еділбай қой популяциясын сақтау және тұрақты ауыл шаруашылығын қолдау

8 қараша, 2023

Молекулалық биология және генетика кафедрасында Алтыбаева Назгуль Абдуллаевнаның жетекшілігімен 7М05105- Генетика білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары құрлық экожүйелерін сақтау мақсатында семинар өткізді. Қазіргі жаһандану қоғамында экологиялық мәселелердің белең алуы мен табиғи ресурстарды тиімді қолданбау салдарынан туындаған мәселелерді шешу мақсатында құрлық экожүйелерін сақтау тақырыбы негізге алынды. Құрлық экожүйелерін сақтауда мал шаруашылығында маңызды орын алатын Еділбай қой популяциясын сақтау және тұрақты ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында ғылыми зерттеулер мен ізденістер нәтижелері талқыланды. Осы ТДМ тақырыбы аясында Еділбай қой популяциясының қазіргі жағдайын анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп, жануарлардың популяциясы мен денсаулығын қадағалау үшін мониторинг жүйесін әзірлеу; Еділбай қойларының мекендеу ортасын қамтамасыз ететін табиғи ортаны, оның ішінде жайылым мен табиғи ресурстарды қорғау және қалпына келтіру; Еділбай қой популяциясының тұрақтылығын және өзгермелі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету үшін оның генетикалық әртүрлілігін сақтау; Еділбай қойларының қажеттіліктерін ескеретін және экожүйені сақтайтын тұрақты мал шаруашылығы әдістерін енгізуге ықпал ету мәселелері қарастырылып, бірнеше ұсыныстар айтылды.