«Экономиканы декарбонизациялаудың жаңа жолы (KZGT-2023)» тақырыбындағы І халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға арнайы келген Санкт-Петербор политехникалық университетінің өкілдері және РҒА академиктері ҚазҰУ қалашығын аралады

13 қараша, 2023

Делегация құрамында РҒА Мұхиттану институтының ғылыми жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы Роберт Нигматулин, «Энергетикалық ауысудың технологиялық және экономикалық мәселелері бойынша пәнаралық зерттеулер және білім беру (CIRETEC-GT)» зертханасының меңгерушісі Игорь Ильин, РҒА ұлттық шаруашылық болжау институтының зертхана меңгерушісі Юрий Шербанин және т.б. ғалымдар бар

Қадірменді қонақтар орталық музей экспозицияларын тамашалап, университет студенттерінің ғылым, біліммен бірге мәдениеті жоғары, рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиеленіп, жоғары білікті маман болып қалыптасып жатқанына қызығушылығын білдірді. Олар музейдің университет тарихынан тың мәліметтер алып,  қатты әсер алғанын жеткізді