«Кәмелетке толмағандарға қатысты отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

14 қараша, 2023

2023 жылы қазан айының 13 жұлдызында қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен БҰҰ-ның «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» атты №16 ТДМ жүзеге асыру аясында «Кәмелетке толмағандарға қатысты отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шарада спикерлер ретінде Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасы бөлімінің прокурорлары Әмірхан Абзал Мейірханұлы мен Таңат Ернұр Маратұлы және қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 3 – курс докторанты Жақыш Ақерке Жеңісқызы сөз сөйледі. Сондай-ақ, қатысушылар қатарында дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысып, бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берген М.Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының 2 – курс докторанттары да болды.

Дөңгелек үстел кәмелетке толмағандарға қатысты отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың өзекті мәселелері мен шетелдік тәжірибені талдауға, сондай – ақ маңызды стратегиялық ұсыныстарды талқылауға арналды.

Талқылау барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы қолданыстағы бағдарламалар мен заңнамаларды халықаралық құқықтық актілерде көрініс тапқан ережелерге сәйкес жетілдіру бойынша маңызды ұсыныстар пайда болды.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар мен спикерлерге сертификаттар тапсырылды.