«Томирис» жастарды елі мен жеріне деген адалдыққа тәрбиелейтін қойылым

14 қараша, 2023

Елімізде жастар саясаты және жас кадрларды дайындауда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рөлі өте жоғары.  Жас мамандарға диплом ғана емес, елімізге деген адалдық сезім мен өз ұлтының тарихын қастерлей білетін азамат ретінде тәрбие беру де маңызды. Осы ұстанымды негізге ала отырып Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының оқытушысы Бекбауова Ж. М Шығыстану мамандығының 4 - курс студенттерін М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрға атақты “Томирис” қойлымына апарып қайтты. Өз елінің тарихынан сыр шертетін қойылымнан студенттердің алған әсері ерекше! Қойылымның негізгі мақсаты - Отанға деген адалдық, Туған жердей - жер болмас деген қасиетті ұғымдарды көрерменге жеткізу болса бұл - мақсат студенттерге де жетті деп сенеміз. Студенттер елге және жерге деген адалдық қасиет - бәрінен жоғары екенін түсініп, ой түйіп қайтты.