«Мектеп бағдарламасы бойынша теориялық білім беру және SMART технологиялар» атты Республикалық курс

27 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-Құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерпттеу орталығы 2023 жылдың 27 қараша – 2 желтоқсан аралығында өтетін «Мектеп бағдарламасы бойынша теориялық білім беру және SMART технологиялар» атты Республикалық курсқа шақырады. Республикалық курс № 4 «Сапалы білім беру» тұрақты даму мақсатының аясында ұйымдастырлады.

Республикалық курсты ұйымдастырудың мақсаты – мектеп мұғалімдерінің теориялық білімдерін жетілдіру, әдебиетті зерттеу мен оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар бойынша тәжірибе және білім алмасу.

Республикалық курстың тілі: қазақ, орыс.

Өткізу форматы: офлайн және онлайн.

Республикалық курстың спикерлері: жетекші отандық ғалымдар, оқытушылар, жазушылар, әдеби қызметкерлер.

Республикалық курс аясында келесі тақырыптар қамтылады:

1) Аңыздар мен ертегілер

2) Батырлар жыры

3) Әңгіме

4) Жыраулық поэзия

5) Шешендік өнер

6) Шетел әдебиеті

7) Жазушының шығармашылық зертханасы

8) Оқушылардың ғылыми жобаларын дайындау

9) Білім жүйесі мен әдеби саласындағы PR технологиялар

Ескерту: Аталған тақырыптар бойынша теориялық білім беріледі, тәжірибемен ұштастырылады, 5-сынып оқулығындағы авторлар толық қамтылады.

Республикалық курс аяқтағаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Республикалық курсқа төмендегі үміткерлер қатыса алады:

• Республиканың барлық облыстарынан;

• 18-50 жас аралығында

 

Республикалық курсқа қатысу үшін төмендегі нысан бойынша өтінім толтыру қажет:

 

Аты-жөні (толық)

Жұмыс орны (толық)

Байланыс телефоны, e-mail

 

 

 

 

 

Оқу құны: Республикалық курстан өту ақылы. Оқу құны – 10 000 теңге.

Республикалық курсқа қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 26 қарашасына дейін қабылданады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, А.Байтұрсынұлы көшесі, 60

Қысқы мектеп туралы толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, филология факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы (323 кабинет) немесе 050040, Алматы қаласы, А.Байтұрсынұлы көшесі, 60, А.Байтұрсынұлы Мұражайы; телефондар: 87057768159, e-mail: maryama140870@gmail.com