Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру» кафедрасы тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру аясында іс-шаралар өткізуді жалғастыруда. Осылайша, 2023 жылдың 11 қарашасында «Менің таза қалам» іс-шарасы өтті. Іс-шара дөңгелек үстел және виртуалды экскурсия форматында өтті.
Мақсаты – конфенссияаралық және ұлтаралық татулық пен түсіністікке тәрбиелеу, мемлекеттердің тарихын құрметтеп, оған қызығушылық танытуға, сонымен қатар студенттерді қоршаған ортаның мәселелеріне немқұрайды қарамауға шақыру.
Оқытушылар шетелдік студенттерге Алматы қаласының тарихы, экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары туралы айтып берді. Сондай-ақ студенттер өздері өмір сүрген елдер мен қалалар туралы және қоршаған ортаның өмір сүру сапасына әсері, оны қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты презентациялар жасады. Шара соңында шетелдік студенттер алғыстарын білдірді.