Бірлескен еңбек - жетістік бастауы

15 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасының ПОҚ Халықаралық аудит стандарттарын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару жөніндегі комиссия құрамында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесе қызмет атқаруда. Қаржы министрлігі тарапынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж. Қ. Түймебаевтың атына келген алғыс хатта кафедра доценттері М. Б. Байдаулетов, Б. Б. Сұлтанова, Г. К. Нұрғалиева, Ж. З. Оралбаева, аға оқытушылар А. З. Арыстамбаева және Г. Е. Жүнісованың кәсібилігі атап өтілді. Осы нормативтік актілердің сапалы аудармасы бизнес ортасында да, бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы саласындағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында, оқу процесі шеңберінде де қажет. Бұл ынтымақтастық тұрақты даму мақсаттарының бірін ТДМ-4 «Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу» іске асыруға мүмкіндік береді.