"Жас таланттар" байқауының гала-концерті өтеді

15 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да  «БІЗ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫМЫЗ!» атты 1 курс қазақстандық, шетелдік және даму мүмкіндігі шектеулі студенттер арасында өтетін  «Жас таланттар» байқауының іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл байқаудың мақсаты сан салалы өнер жарысында  өздерін таныта білген талантты жастарды анықтау және жаңа Қазақстанның ұлттық рухани өре биіктігін таныту, өнер әлемінің құдіретін студент жастар арасында кеңінен насихаттау.

Ертең Студенттер Сарайында байқау жеңімпаздарын марапаттау және қорытынды гала концерті өтеді.

 Байқаулардың бағыттары:

  • Қолөнер байқауы 
  • Әншілер байқауы
  • Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі 
  • Жүргізушілер байқауы 
  • Актерлік шеберлігі байқауы 
  • Үздік  мобилограф байқауы 

Байқауға университеттің 1 курс қазақстандық, шетелдік және даму мүмкіндігі шектеулі студенттері қатысады.Баршаңызды шақырамыз!