"Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам" семинар-тренингі өтті
8-9 қараша күндері Қазақстан Президент Орталығы мен "Қазақстан Халқы Ассамблесы" орталығының ұйытқы болуымен "Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам" атты онлайн семинар тренингі өтті.
Шараға ҚазҰУ сенат ұйымының белсенді 25 студент таңдалып алынды.
Семинар-тренинг Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайыпова Ботагөз Мұттахиденқызының кіріспе сөзімен ашылды. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы жаңа реформалар мен қоғамдық-саяси көзқарастарға тоқталды.
Алғашқы дәрісті Президенттік орталығының ғылыми қызметкері Мусина Назира Касимжановна «Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени идеалдары» тақырыбында өтті.
Одан кейін жетекші ғылыми қызметкер Хамитова Акбота Камоевна «Әділеттілік: тұжырымдамалық қағидаттар» тақырыбында семинар-тренингін өткізді. Қазақстандағы этоно-мәдени жағдай, қарама-қайшылықтар, жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін түсіндірді. Студенттермен еркін пікір-алмасу болды.
Келесі тренингті жетекші ғылыми қызметкер Оспанова Әсия Әділқызы жүргізді. Студенттерге интеллектуалды ой-өрістерін дамытатын жаттығулар мен тапсырмалар берді.
Жалпы екі күндік семинар белсенді студенттерге көшбасшылық мәдениетті үйретті. Жаңа Қазақстанның патриоттық рухтағы көзқарастардың қалыптасуына септігін тигізді. Әділетті қоғам құрудағы мемлекеттің ұстанымдарын танып-білді.