Қайырымдылық жасау – игі іс

15 қараша, 2023

11.11.2023 жылы Тұрақты дамудың 3 мақсаты «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» сәйкес «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары Асилова А.С., Керімбек Ғ.Е., Тұрмаханбетова А.А. «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4-курс, 3-курс қысқартылған бөлім студенттері көмекке мұқтаж отбасына қайырымдылық іс-шарасын өткізді. 

Алматы қаласы, Думан ықмам ауданы, Тәуелсіздік 45а көшесінде тұратын мүгедек, көмекке зәру жандарға қайырымдылық көмек берілді. 

Бұл отбасында бес адам. Отбасын асырау үшін анасы 3-топ мугедек мылқаулар қауымдастығында еден жуушы болып 80 мың теңгеге жан бағып жүр, аләкесі 1-топ мүгедек денсаулығына байланыстыжұмысқа жарамсыз бұл отбасында кәмелет жасқа толмаған үш бірдей балалары бар. Бүгінгі таңдабалаларының үлкені небәрі 16 жасар мектеп оқушысы Әділет құлағы керең әкесі мен мылқау анасының көзі мен құлағы болып отыр. Оның артынан еріп келе жатқан мектеп оқушысы 13 жасар қарындасы мен 8жасар інісі бар. Бұл отбасының мәселесіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттері көмек қолын созуды жөн көріп, қаржылай және азық-түлікпен көмек беріп келеді. Отбасының атынан ұлы мен қызы алғыс айтып әке-шешесінің тілегін жеткізді. Студенттер осы мүгедек жандарға 4 жылдан бері тұрақты түрде көмек беріп келеді

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынақарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Осы қасиеттерді бойға сіңіру студенттерге білімді, ойлау қабілеттері жоғары, еліміздің халқына жанашыр азаматтары болуы үшін тәрбиелік мәні бар іс-шарамызды жүзеге асырдық!