- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша БҰҰ ТДМ жүзеге асыру шеңберінде «Qazyna» баспасымен серіктестікте кітап жәрмеңкесі
Сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша БҰҰ ТДМ жүзеге асыру шеңберінде «Qazyna» баспасымен серіктестікте кітап жәрмеңкесі
2023 жылдың 14 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Qazyna» баспасының кітап жәрмеңкесі өтті. Университет тарапынан жәрмеңкенің бастамашылары мен ұйымдастырушылары филология факультетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасының доценті Таусоғарова Аяужан Қайратқызының және кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар бойынша орынбасары Досанова Альбина Маратханқызы жетекшілігімен 3 курс докторанттары болды.
Бұл іс-шара өмір бойы инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ететін БҰҰ-ның 4-ші Тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. 2030 жылға қарай осы мақсатқа қол жеткізу міндеттерінің бірі барлық білім алушылырдың тұрақты дамуға жәрдемдесу үшін қажетті білім мен дағдыларды игеру болып табылады. Ол тұрақты даму және тұрақты өмір салты, адам құқықтары, гендерлік теңдік туралы білім беру арқылы, бейбітшілік пен зорлық-зомбылықсыз мәдениетті насихаттау және мәдени әртүрліліктің құндылығын және мәдениеттің тұрақты дамуға қосқан үлесін білу арқылы жүзеге асырылады.
Жәрмеңке ұйымдастырушылары «Qazyna» баспасының кітаптары университет студенттерінің жеке және кәсіби дамуына, сондай-ақ жаһандық ой-өрістің қалыптасуына ықпал етеді деп есептейді.
Университеттің барлық студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін «Qazyna» баспасының барлық кітаптары 20% жеңілдікпен сатылғаның атап өту керек. Белсенді кітап сатып алушы арасында білім алушылыр ғана емес, Университеттің профессорлық-оқытушылық және әкімшілік ұжымының өкілдері де болды. Сонымен қатар, «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Qazyna» баспасының парақшасында (https://www.instagram.com/qazyna_kz/) сатып алушылар арасында викторина ұйымдастырылды және жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осы шара аясында кітап алмасу да ұйымдастырылып, әркім өз кітабын басқа жәрмеңке қатысушысымен алмастыра алды.