- Басты бет
- Жаңалықтар
- Синхронды аударманың ерекшеліктеріне арналған қалалық семинар-практикум өткізілді
Синхронды аударманың ерекшеліктеріне арналған қалалық семинар-практикум өткізілді
2023 жылғы 15 қарашада шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы базасында кафедрасының профессор м.а. Ф.Н. Дәулеттің ұйымдастыруымен синхронды аударманың ерекшеліктеріне арналған қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум 1 оқу жылының докторанттары мен магистранттарына оқылатын "Аударманы оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемесі" және "Заманауи аударма тұжырымдамалары" пәндері аясында ұйымдастырылды. Бұл семинардың басты мақсаты-профессор Ф. Н. Дәулеттің педагогикалық тәжірибесін жинақтау және оқу процессіне енгізу, сондай-ақ, оқытушылар мен оқушыларды синхронды аударма бойынша инновациялық әдістемелерді қолданудың теориялық негіздерімен таныстыра отырып, практикалық жағынан жүзеге асыру. Семинар-практикумның негізгі бөлігінде профессордың шәкірттері, 1-ші оқу жылының магистранттары Ван Линлин мен Сәденова Әлима "Аударманы оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемесі" пәні аясында игенрген білім және біліктерін ортаға салды. Ван Линлин синхронды аударманың ерекшеліктері, синхронды аудармашыға қажет маңызды кәсіби дағдылар, мәдени мазмұндағы мәтіндерді аудару, саяси терминдерді, етістіктерді аудару ерекшеліктері, сондай-ақ синхронды аударма кезінде туындайтын тосын жағдайлар туралы айтты. Саденова Ә. лектордың әңгімесіне ілеспе аударма жасау арқылы ауызекі аударманың бұл күрделі түрінің стилистикасын семинарға қатысушыларға көрсете білді. Бірлескен ортада ұйымдасып жұмыс істеу-магистранттардың белсенділігін дамытудың, олардың ойлау тәсілін дамытудың, әлеуметтік және моральдық дағдыларды тәрбиелеудің өзекті тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Командада жұмыс істеудің топтық шешім қабылдау және ол үшін жауап беру, жаңа білім алуға ұмтылу, жаңа ғылыми ақпараттарды өңдеу және қолдана білу секілді маңызды дағдыларды дамытуда қосар үлесі көп. Ғылыми семинар-практикум барысында профессор мен оның шәкірттері осындай бірлескен жұмыстың қорытындысын көпшілікке паш етті. Семинарға кафедра оқытушылары, магистранттары, докторанттары, сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Халықаралық бизнес Академиясы және Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі мұғалімдері, магистранттары, докторанттары қатысты. Семинарға қатысушылар бұл секілді ғылыми семинар-практикумдар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ғылыми-зерттеу университеті мәртебесін нығайтуда маңызды үлес қосатынын ерекше атап көрсетті.