Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалау кеңсесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша республикалық оn-line олимпиадасын өткізеді. 

10 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалау кеңсесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша республикалық оn-line олимпиадасын өткізеді. 

 

Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасымен өткізіледі.

 

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Олимпиаданың тілі: қазақ тілі, орыс тілі

On-line олимпиаданы өткізу туралы бейне ақпарат https://disk.yandex.kz/i/jzPMzEDLB_L_Gg сілтемесі бойынша қолжетімді.

Онлайн тестілеуден өту үшін алдыменhttps: https://online-test.kaznu.kz/ cайтында тіркелу қажет.

Олимпиаданың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; парасаттылықты қалыптастыру және дамыту; неғұрлым талантты және дарынды студенттерді іріктеп алу және оларды қолдау.

Олимпиаданы өткізу тәртібі:

Бірінші кезең – 2023 жылдың 10-қарашасынан 15-қарашаға дейін Олимпиада қатысушыларын on-line тіркеу.

Екінші кезең – Олимпиаданың өзі. Олимпиада екі турдан тұрады.

Бірінші тур – 2023 жылдың 16 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін тестілеу. 60 тест сұрақтары беріледі, оларды шешу үшін 60 минут уақыт бөлінеді.  Тест сұрағының бір дұрыс жауабы бір баллға теңестіріледі. Ең жоғары балл мөлшері – 60 балл. 30 және одан да жоғары балл жинаған студенттер екінші турға жіберіледі.

Екінші тур 2023 жылдың 17-қараша мен 22-қараша аралығында оn-line режимде өтеді. «Парасаттылық қағидаларын қалыптастыру және дамыту сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимылдың негізі ретінде» тақырыбында ғылыми жобаның бейнефайлын adilek03@mail.ru поштасына ұсыну (жүктеу) қажет. Бейнефайлдың  максималды ұзақтығы – 3 минут.

Екінщі турды бағалау критерийлері:

  • Ұсынылған материалдың өзектілігі, нысаны мен сапасы – 25 балл;
  • Жобаның ғылыми жаңалығы – 25 балл;
  • Жобаның ерекшелігі мен креативтілігі – 25 балл;
  • Жобаның тәжірибелік маңыздылығы – 25 балл .

Ең максималды балл мөлшері – 100.

Олимпиадаға оған қатысу үшін өтінішті белгіленген тәртіпте тапсырған ҚР ЖОО-ның 1-4 курс бакалавриат студенттері қатыса алады.

ЖОО басшылығы бекіткен өтініш бір өтініште ЖОО атынан қатысатын барлық қатысушылардың аты көрсетілген электронды үлгіні толтыру жолымен жіберіледі. Бір ЖОО атынан қатыса алатын студенттердің саны 10-нан аспауы қажет. Олимпиада өткізіліп жатқан кезеңде қатысушылардың құрамын өзгертуге болмайды.

Қатысушылардың жеке нәтижелері олимпиаданың екінші кезеңінің екі турының нәтижелері бойынша жиынтық балдың қорытындысы негізінде анықталады. Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары 1-ші (бір студенттен артық емес), 2-ші (екі студенттен артық емес), 3-ші (үш студенттен артық емес) дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылдың 27 қарашада өтеді.

Команда жетекшілерінің және қатысушылардың іссапар шығындары (жол жүру, тұру, тәулікті ақы) жіберуші ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Олимпиаданың координаторы – Турсынкулова  Динара.

Эл. пошта –  adilek03@mail.ru

Тел: +77075751175