ТДМ 4. Сапалы білім

17 қараша, 2023

Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының ғылыми қызметін интернационалдандыруды арттыру үшін Пол Сабатье (Тулуза, Франция) және Орлеан (Орлеан, Франция) танымал университеттерініен шетелдік профессорлар шақыртылды: Жан-Пьер Буф (Jean-Pierre Boeuf), Лианна Питчфорд (Leanne Pitchford), және Лайфа Буфенди (Laifa Boufendi. Жан-Пьер Буф пен Лианн Питчфорд сонымен қатар CNRS-LAPLACE ғылыми орталығында ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды. Олардың зерттеу саласы – энергетикалық және тепе-тең емес плазма. Профессор Жан-Пьер Буфтың зерттеу бағыты сонымен қатар ITER-ге бейтарап бөлшектерді тасымалдау үшін қолданылатын теріс ион көздері және спутниктердің қозғалысына арналған плазмалық қозғалтқыштарды зерттеу жобаларын қамтиды. Қазіргі уақытта олар әртүрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша дәрістер мен кеңестер өткізуде. Ғалымдарды тартудың негізгі мақсаты – университеттің профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін, академиялық коммуникативтік дағдыларын дамыту болып табылады.