ТДМ-3 бағыты бойынша Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті колледжінің оқытушысы Мадиярова Ч.А ПОК-107 тобында "Ас- адамның арқауы" тақырыбы бойынша кураторлық сағат өткізді. Білім алушылар осы тақырып бойынша терең ізденіп, дұрыс тамақтанудың біздің өміріміздегі маңызы, пайдалы және зиянды тағамдар, тамақтану мәдениеті, тағамдағы энергия калориясы, минералдар мен дәрумендер жайлы жан-жақты әңгіме қозғады. Дастарқан басындағы сақталатын ырым-тыйымдар, дәстүрлер, мақал-мәтелдер де айтылды. Дұрыс тамақтану- денсаулықтың кепілі екендігіне көз жеткізгендерін айтты.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024